Аспаркам в растворе — инструкция по применению

Инструкция по применению аспаркама в растворе, описание действия препарата, показания к применению раствора аспаркама, взаимодействие с другими лекарствами, применение аспаркама (раствор) при беременности. Инструкции: Аспаркам в таблетках;
Торговое название: Аспаркам - Фармак
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Раствор для инъекций в ампулах по 5, 10 и 20 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
A Средства, влияющие на пищеварительную систему и метаболизм
A12 Минеральные добавки
A12C Прочие минеральные добавки
A12C X Прочие препараты минералов
Фарм. группа:
Минеральные добавки. Прочие минеральные вещества. Код ATХ A12CХ
Условия хранения:
Хранить в защищенном от света месте при температуре от 15 ºС до 25 ºС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту.
Описание: Прозрачная бесцветная или слегка желтоватая жидкость.

Состав аспаркама в растворе

1 мл раствора содержит
1 мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество аспаркама

магния аспарагината безводного 40 мг (эквивалентно магнию 3,37 мг) и калия аспарагината безводного 45,2 мг (эквивалентно калию 10,33 мг), полученных по прописи: кислоты аспарагиновой 74 мг, магния оксида в пересчете на 100 % вещество 5,59 мг, калия гидроксида в пересчете на 100 % вещество 14,82 мг
40 мг сусыз магний аспарагинаты (3,37 мг магнийге баламалы) және 45,2 мг сусыз калий аспарагинаты (10,33 мг калийге баламалы), жазбаша алынуы бойынша: 74 мг аспарагин қышқылы, 100 % затқа шаққанда 5,59 мг магний оксиді, 100 % затқа шаққанда 14,82 мг калий гидроксиді

Вспомогательные вещества в аспаркаме

сорбит (E420), вода для инъекций
сорбит (E420), инъекцияға арналған су

Показания к применению раствора аспаркама

  • гипокалиемия и гипомагниемия
  • как вспомогательное средство при ишемической болезни сердца, шоковых состояниях различного генеза
  • нарушения ритма сердца, обусловленные дефицитом калия и магния в организме, непереносимостью или токсичным действием препаратов наперстянки
  • гипокалиемия және гипомагниемия
  • ишемиялық жүрек ауруында, шығу тегі әртүрлі шок жағдайларында қосымша дәрі ретінде
  • организмдегі калий мен магний тапшылығынан, оймақгүл препараттарын көтере алмаушылықтан немесе олардың уыттылық әсер етуінен болатын жүрек ырғағының бұзылулары

Противопоказания аспаркама в растворе

  • острая и хроническая почечная недостаточность
  • гиперкалиемия, гипермагниемия
  • нарушение атриовентрикулярной проводимости ІІ-ІІІ степени
  • тяжелые формы миастении
  • выраженная артериальная гипотензия
  • гемолиз
  • анурия
  • болезнь Аддисона
  • повышенная чувствительность к компонентам препарата
  • жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
  • гиперкалиемия, гипермагниемия
  • ІІ-ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы
  • миастенияның ауыр түрлері
  • айқын артериялық гипотензия
  • гемолиз
  • анурия
  • Аддисон ауруы
  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Побочные действия раствора аспаркама

  • гиперкалиемия (тошнота, рвота, диарея, парестезии)
  • гипермагниемия (покраснение лица, жажда, снижение АД, гипорефлексия, нервно-мышечная блокада, угнетение дыхания, судороги)
  • нарушения проводимости миокарда, дезориентация, головокружение
  • парадоксальная реакция в виде увеличения числа экстрасистол - в единичных случаях при внутривенном введении
  • учащение стула.
Эти явления обычно проходят при уменьшении дозы препарата.
  • гиперкалиемия (жүрек айну, құсу, диарея, парестезиялар)
  • гипермагниемия (беттің қызаруы, шөлдеу, АҚ төмендеуі, гипорефлексия, жүйке-бұлшықет бөгеті, тыныстың тарылуы, құрысулар)
  • миокард өткізгіштігінің бұзылуы, бағдардан жаңылу, бас айналу
  • экстрасистолалар санының жиілеуі түріндегі парадокстық реакция -көктамыр ішіне енгізген кездегі бірлі-жарым жағдайларда
  • нәжістің жиілеуі
Бұл құбылыстар әдетте препарат дозасын азайтқан кезде басылады.

Особые указания к применению

Внимание! При быстром внутривенном введении могут развиваться гиперкалиемия и гипермагниемия, с возникновением угрожающих для жизни пациента аритмий, поэтому быстрое внутривенное введение препарата противопоказано! В случае необходимости лечение Аспаркамом-Фармак можно сочетать с применением строфантина и препаратов наперстянки. При сочетании атриовентрикулярной блокады с нарушением ритма сердца препарат не назначают.

Применение в педиатрии
Применение препарата у детей окончательно не изучено, поэтому у детей не применяют.

Применение в период беременности или лактации
Применение препарата возможно в том случае, когда ожидаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода и ребенка.

Особенности влияния препарата на способность управлять транспортом и потенциально опасными механизмами
Во время лечения препаратом необходимо воздерживаться от управления автотранспортом или работы со сложными механизмами.
Назар аударыңыз! Көктамыр ішіне жылдам енгізілгенде емделуші өміріне қатер төндіретін аритмиялардың пайда болуымен гиперкалиемия мен гипермагниемия дамуы мүмкін, сондықтан препаратты көктамыр ішіне жылдам енгізу қарсы көрсетілімді!

Қажет болған жағдайда Аспаркам-Фармакпен емдеуді строфантинмен және оймақгүл препараттарымен үйлестіріп қолдануға болады. Атриовентрикулярлық блокада жүрек ырғағының бұзылуымен қосыла орын алған кезде препарат тағайындалмайды.

Педиатрияда қолданылуы
Препаратты балаларда қолдану түпкілікті зерттелмеген, сондықтан балаларда қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Препаратты анасы үшін күтілетін пайда ұрық пен сәбиге төнетін ықтимал қауіптен артық болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

Препараттың көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емделу кезінде автокөлік басқарудан немесе күрделі механизмдермен жұмыс істеуден бас тарта тұру қажет.

Дозировка и способ применения

Аспаркам-Фармак вводят взрослым внутривенно капельно или с помощью дозирующего устройства типа “Инфузомат” или внутривенно струйно (медленно). Для внутривенной инфузии содержимое 1-2 ампул по 10 мл или 2-4 ампул по 5 мл разводят в 100-200 мл стерильного 0,9 % раствора натрия хлорида или 5 % раствора глюкозы, вводят внутривенно капельно со скоростью 25 капель в минуту 1-2 раза в день. При струйном внутривенном введении содержимое 1 ампулы по 10 мл или 2 ампул по 5 мл разбавляют в 20 мл стерильного 0,9 % раствора натрия хлорида или 5 % раствора глюкозы и вводят взрослым не быстрее 5 мл в 1 минуту. Продолжительность лечения Аспаркамом-Фармак определяется индивидуально.
Аспаркам-Фармак ересектерге көктамыр ішіне тамшылатып немесе «Инфузомат» типті дозалағыш құрылғының көмегімен немесе көктамыр ішіне сорғалатып (баяу) енгізіледі. Көктамырішілік инфузия үшін 10 мл-лік 1-2 ампула немесе 5 мл-лік 2-4 ампуланың ішіндегісін 100-200 мл стерильді 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5 % глюкоза ерітіндісінде cұйылтып, күніне 1-2 рет минутына 25 тамшы жылдамдықпен көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Көктамыр ішіне сорғалатып енгізген кезде 10 мл-ден 1 ампуланың немесе 5 мл-ден 2 ампуланың ішіндегісін 20 мл стерильді 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5 % глюкоза ерітіндісінде сұйылтып, ересектерге 1 минутта 5 мл-ден жылдамдатпай енгізеді. Аспаркам-Фармакпен емдеу ұзақтығы әркімге жеке белгіленеді.

Взаимодействие с лекарствами

При одновременном применении Аспаркама-Фармак с калийсберегающими диуретиками или ингибиторами АПФ повышается риск развития гиперкалиемии (в этом случае необходимо контролировать уровень калия в плазме крови). Аспаркам-Фармак снижает чувствительность к сердечным гликозидам.

Препарат усиливает отрицательное дромо- и батмотропное действие антиаритмических лекарственных средств.
Совместное применение препарата Аспаркам-Фармак с антихолинергическими средствами вызывает более выраженное снижение перистальтики кишечника. Магний, входящий в состав препарата Аспаркам-Фармак снижает эффективность неомицина, полимиксина В, тетрациклина и стрептомицина.

Анестетики усиливают угнетающее действие магния, входящего в состав препарата Аспаркам-Фармак на центральную нервную систему. При применении Аспаркама-Фармак с атракурием, дексаметонием, суксаметонием возможно усиление нервно-мышечной блокады; с кальцитриолом — повышение уровня магния в плазме крови; с препаратами кальция наблюдается уменьшение действия ионов магния.
Аспаркам-Фармак калий жинақтаушы диуретиктермен немесе АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданылғанда гиперкалиемияның даму қаупі артады (мұндай жағдайда қан плазмасында калий деңгейін бақылау қажет). Аспаркам-Фармак жүрек гликозидтеріне сезімталдықты төмендетеді. Препарат аритмияға қарсы дәрілік заттардың теріс дромо- және батмотропты әсерін күшейтеді.

Аспаркам-Фармак препаратын антихолинергиялық дәрілермен қолдану ішек перистальтикасының едәуір айқын төмендеуін туындатады. Аспаркам-Фармак препаратының құрамына кіретін магний неомицин, полимиксин В, тетрациклин және стрептомицин тиімділігін төмендетеді.

Анестетиктер Аспаркам-Фармак препаратының құрамына кіретін магнийдің орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсер етуін күшейтеді. Аспаркам-Фармак атракуриймен, дексаметониймен, суксаметониймен қолданылғанда жүйке-бұлшықет бөгелісі күшеюі мүмкін; кальцитриолмен қан плазмасындағы магний деңгейінің артуы; кальций препараттарымен магний иондары әсерінің азаюы байқалады.

Передозировка аспаркамом в растворе

При быстром струйном введении или при введении препарата в дозах, которые значительно превышают терапевтические, развиваются гиперкалиемия и гипермагниемия.

Симптомы
: покраснение лица, жажда, артериальная гипотензия, нарушения нервно-мышечной передачи, угнетение дыхательного центра, аритмии, судороги.

Лечение
: в таких случаях вводят кальция глюконат или кальция хлорид 10 % 10-40 мл (в зависимости от тяжести передозировки), проводят мероприятия по поддержанию дыхания и гемодинамики, симптоматическую терапию. В случае тяжелого отравления при недостаточной эффективности перечисленных мероприятий показано проведение гемодиализа.
Жылдам сорғалатып енгізгенде немесе препаратты емдік дозаларынан едәуір асып кететін дозаларда енгізгенде гиперкалиемия және гипермагниемия дамиды.

Симптомдары: беттің қызаруы, шөлдеу, артериялық гипотензия, жүйке-бұлшықет берілісінің бұзылуы, тыныс алу орталығының бәсеңдеуі, аритмиялар, құрысулар.

Емі: мұндай жағдайларда 10 % 10-40 мл кальций глюконаты немесе кальций хлориді (артық дозаланудың ауырлығына қарай) енгізіледі, тыныс алу мен гемодинамиканы демеу шаралары, белгісіне қарай ем жүргізіледі. Жоғарыда аталған шаралардың тиімділігі жеткіліксіз болатын қатты улану жағдайында гемодиализ жүргізу көрсетілген.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Не изучена.
Зерттелмеген.

Фармакодинамика

Препарат относится к лекарственным средствам, регулирующим метаболические процессы. Магний активирует натрий-калиевую АТФ-азу, вследствие чего снижается внутриклеточное содержание натрия и повышается поступление калия в клетку. При снижении концентрации натрия в клетке тормозится натриево-кальциевый обмен в гладких мышцах сосудов, что ведет к их релаксации, ионы калия стимулируют синтез АТФ, гликогена, белков, ацетилхолина; калий и магний поддерживают поляризацию клеточных мембран. Аспарагинат способствует поступлению ионов в клетку и принимает участие в энергетическом обмене. Антиаритмический эффект реализуется благодаря способности препарата устранять дисбаланс электролитов, снижать возбудимость и проводимость миокарда.
Препарат метаболикалық үдерістерді реттейтін дәрілік заттарға жатады. Магний натрий-калий АТФ-азасын белсенділендіреді, соның салдарынан натрийдің жасушаішілік мөлшері төмендейді және калийдің жасушаға түсуі артады. Жасушадағы натрий концентрациясы төмендегенде тамырлардың тегіс бұлшықеттерінде натрий-калций алмасуы тежеледі, бұл олардың босаңсуына апарады, калий иондары АТФ, гликоген, ақуыздар, ацетилхолин синтезін көтермелейді; калий мен магний жасушалық жарғақшалар поляризациясын демейді. Аспарагинат иондардың жасушаға түсуіне ықпал етеді және энергетикалық алмасуға қатысады. Аритмияға қарсы әсері препараттың электролиттер теңгерімсіздігін жою, миокард қозғыштығы мен өткізгіштігін төмендету қабілетінің арқасында жүзеге асады.

Упаковка и форма выпуска

По 5 мл, 10 мл или 20 мл в ампулы стеклянные с кольцом излома или точкой излома. По 10 ампул вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку c гофрированными вкладышами из картона. По 5 ампул вкладывают в контурную ячейковую упаковку из пленки полимерной. По 2 контурные ячейковые упаковки с ампулами вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.
5 мл, 10 мл немесе 20 мл-ден сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар шыны ампулаларда.
10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған гофрланған қосымша беттері бар пәшкеге салады. 5 ампуладан полимер үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. Ампулалар бар 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.